Всего на профессиональное обучение планируется направить 1000 человек. Из них на профессиональное обучение в организациях образования направлено 687 человек, а 313 безработных человек пройдут обучение на рабочем месте у работодателей. Подробнее об этом на брифинге Региональной службы коммуникаций рассказал руководитель карьерного центра города Алматы Адилет Жанабаев.
Продолжительность профессионального обучения составляет не более 3 месяцев.
“26 апреля текущего года на заседании региональной комиссии утверждены списки 42 работодателей по 18 специальностям профессионального обучения в организациях образования на 687 мест. Для организации профессионального обучения безработных на рабочем месте у работодателей утвержден список из 13 работодателей по 12 специальностям, на 313 мест”, - сообщил А. Жанабаев.
Утверждена и стоимость обучения на одного человека по указанным видам профессионального обучения. На 2023 год данная сумма составляет 50 тысяч тенге.
С участниками, направленными на профессиональное обучение, заключается социальный контракт, согласно которому на период обучения выделяется ежемесячная стипендия в размере 21 787 тенге.
Что касается профессионального обучения на рабочем месте у работодателя, то здесь, участники заключают трудовой договор и ежемесячно Карьерный центр, выплачивает зарплату в размере 20 МРП (69 000 тенге) без учета налогов, обязательных социальных отчислений, компенсаций за неиспользованный трудовой отпуск, банковских услуг и выплат по экологическим надбавкам.
“После успешного завершения обучения в рамках заключенного социального контракта и трудового договора работодатели оказывают содействие в трудоустройстве. На сегодняшний день в Карьерный центр города Алматы направлены на обучение более 400 безработных лиц. В дальнейшем по мере обращения претендентов список будет расширяться и будет проводиться профориентационная работа”, - заключил спикер.
По всем интересующим вопросам необходимо обращаться в Карьерный центр, по адресу пр. Достык 85, «Дом социальных услуг», либо по единому номеру 310-47-82. Подробную информацию также можно найти в социальных сетях карьерного центра @ctm_almaty.
Алматыда жұмыссыз 400 адам тегін кәсіптік оқытуға жіберілді
Жалпы 1000 адамды кәсіптік оқытуға жіберу жоспарлануда. Оның ішінде: білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытуға 687 адам жолданса, жұмысы жоқ 313 адамды жұмыс берушілердің жұмыс орнына кәсіптік оқытуға жіберу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев айтты.
Кәсіптік оқыту ұзақтығы 3 айдан аспайды.
«Биыл 26 сәуірдегі өңірлік комиссия отырысында білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту бойынша 18 мамандық бойынша 42 жұмыс берушінің тізімі, 687 орынға бекітілді. Жұмыссыздарды жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін 12 мамандық бойынша 13 жұмыс берушінің тізімі, 313 орынға бекітілді», - деп хабарлады Ә. Жаңабаев.
Көрсетілген кәсіптік оқыту түрлері бойынша 2023 жылға бір адамға оқыту құны 50 мың теңге мөлшерінде бекітілді.
Кәсіптік оқуға жіберілген қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасалады және 21 787 теңге мөлшерінде оқудың бүкіл кезеңі үшін стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Жұмыссыздарды жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіби оқытуға келетін болсақ, мұнда қатысушылармен еңбек шарты жасалады және ай сайын мансап орталығы салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны, банктік қызметтерді және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде жалақы төлейді.
«Жасалған әлеуметтік келісімшарт және еңбек шарты шеңберінде оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Бүгінгі таңда Мансап орталығына 400-ден астам жұмыссыз оқуға өтінім қалдырып, оқуға жіберілді. Келешекте үміткерлердің өтініш жасауына қарай тізім кеңейтілетін болады және кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілетін болады», - деп қорытындылаы спикер.
Барлық сұрақтар бойынша Достық даңғылы, 85, «Әлеуметтік қызметтер үйі» мекенжайы, болмаса, бірыңғай нөмірі 310-47-82 арқылы білуге болады. Толығырақ ақпаратпен мансап орталығының әлеуметтік желілерінде @ctm_almaty танысуға болады.