Алматы қаласының 6-округі бойынша Мәслихат депутаттығына үміткер
Әсия Әбитаева
«Жетісу күші» ҚҚ құрылтайшысы, «Жомарт Жүрек» республикалық сыйлығының лауреаты
Ортақ үйіміздегі тәртіпті қолдаймын!
«Ортақ үйіміздегі тәртіпті қолдаймын!» бағдарламасын іске асыру кезінде Алматы қаласы Алмалы ауданындағы тұрғын алаптарының үй маңындағы аумағын абаттандырудың барлық ерекшелігіне назар аударылады.
Біз қандай көшелерде, даңғылдарда, өткелдерде, тұйық көшелерде, қандай аулаларда, тұрғын үй кешендерінде, кварталдарда және нені қосымша жақсарту керек екенін анықтаймыз:
- кешкі уақытта жайлы әрі қауіпсіз болуы үшін кіреберістер мен аулаларды жарықтандыру мәселелерін шешу;
- қоқысты бөлек жинайтын және қосымша қоқыс жәшіктерін қоятын қосымша жерлерді ұйымдастыру;
- ойын алаңдары жоқ аулаларда ойын алаңдарын ұйымдастыру;
- иттерді серуендету алаңдарын ұйымдастыру;
- бағдарлама аясында кез келген адамның спорт залының, секцияның жұмыс кестесіне қарамай, қолжетімді спортпен шұғылдануға мүмкіндігі болуы үшін ауданның әрбір бұрышында жаяу баратын жерде сан түрлі жаттығу құрылғылары бар алаңдар орнату жоспарлануда.
«Жетісу Күші» қоры мүгедектік, жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу, отбасынан айырылу сияқты қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға, ең алдымен әйелдер мен жасөспірімдерге көмек көрсетуді жалғастырады.
Біз үш жыл бойы кімге не қажет екеніне қарай жұмыс табуға, жаңа мамандық алуға, оңалту, емдеу курстарынан өтуге көмектесеміз. Көп балалы отбасылардың балалары мен жалғызбасты аналарға бейінді колледждерге түсуге жәрдемдесеміз.
«Азия Бьюти» сұлулық салондары базасында тырнақ сервисі шеберлері, шаштараз-шеберлер оқытылады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, ардагерлерге қызмет көрсету бойынша қайырымдылық науқандары ұдайы өткізіліп тұрады.
Мен жерлестерімнің, отандастарымның, алматылықтардың әдемі, жайлы, қауіпсіз қалада өмір сүргенін, әрдайым жұмысқа орналасуға мүмкіндігі болғанын, балалар мен зейнеткерлерге шынайы қамқорлық көрсетілгенін және бәріміздің алдағы күнге сенімді болғанымызды қалаймын.
Мен Ортақ үйіміздегі тәртіпті қолдаймын!
Кандидат в депутаты Маслихата по 6 округу г. Алматы Асия Абитаева
учредитель ОФ «Жетiсу кушi», лауреат Республиканской премии «Жомарт Жүрек»
За порядок в нашем общем доме!
При реализации программы «За порядок в нашем общем доме!» внимание уделяется абсолютно всем деталям благоустройства придомовой территории жилых массивов Алмалинского района г.Алматы.
Определим на каких улицах, проспектах, проездах, переулках, в каких дворах, жилых комплексах, кварталах и что нужно дополнительно облагородить:
- решить проблемы освещения у подъездов и во дворах для комфорта и безопасности в вечернее время;
- организовать дополнительные точки раздельного сбора мусора и дополнительных урн;
- организация детских площадок во дворах, где их нет;
- организация площадок для выгула собак.
- в рамках программы планируется в каждом уголке района установить в шаговой доступности площадки с самыми разными тренажерами, чтобы у любого человека была возможность заниматься доступным спортом, без оглядки на график работы спортзала, секции.
Фонд «Жетісу Күші» продолжит осуществлять помощь казахстанцам, в первую очередь женщинам и подросткам, попавшим в трудную жизненную ситуацию: инвалидность, потеря работы, потеря кормильца, потеря семьи.
Мы на протяжении трех лет помогаем обрести работу, новую специальность, пройти курсы реабилитации, лечения, кому это необходимо. Содействуем в поступлении в профильные колледжи детям из многодетных семей и матерям-одиночкам.
На базе салонов красоты Азия Бьюти проводится обучение мастеров ногтевого сервиса, мастеров-парикмахеров. На регулярной основе проводится благотворительные акции по оказанию услуг людям с особыми потребностями, ветеранам.
Я хочу, чтобы мои земляки, сограждане, алматинцы жили в красивом, комфортном, безопасном городе, имели возможность всегда получить работу, дети и пенсионеры были окружены реальной заботой, и все мы были уверены в завтрашнем дне.
Я - За порядок в нашем общем доме!
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.